Жаңа дәріхана ашылды
МЕРКІ АУДАНЫ. Тәтті ауылдық округінде көптен бері көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – дәріхана ашу еді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен үшін тұрғындардың керекті дәрі-дәрмегін алуы қиынға соғатын. Осыған орай «SultanPro-2022» ЖШС-нің жетекшісі Жазира Қартқожаева кәсіпкерлік мақсатта дәріхана жұмысын қолға алған болатын. Жақында Тәтті ауылының орталығында оның ашылу салтанаты өтті. Оған қатысқан округ әкімі Талғат Әлметов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетсек, кәсіпкер Ж.Қартқожаева 2020 жылы мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Кейін мал басын өсіріп, дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан шағын несие алып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




