Тараз полицейлері автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады
Тараз қалалық ПБ жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның "Volkswagen Passat" маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды.
Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысып, салдарынан рульді басқара алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.
Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




