Денсаулық
Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2022
- 459
Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды
Қазақстанда тыйым салынған ДВК экстремистік ұйымының үш жақтаушысына үкім шығарылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. «Бұған дейін хабарланғандай, сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған «ДВК/ Көше» (ДВК) экстремистік ұйымының жақтаушылары белсенді қатысты. Шымкент қаласында сот үкімімен осы ұйымның үш жақтаушысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырған. Сонымен қатар, аталған үш адам мемлекеттік мүлікке зақым келтірген. Бұл іс бойынша сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілеріне қатысты 32 қылмыстық іс бар .Мемлекеттік объектілерді өрттеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




