Денсаулық
Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2022
- 685
Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады
Елімізде отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, РОП операторының қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтап жатыр», - делінген министрлік хабарламасында. Ведомство бағдарламаны биыл іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қарастырылып отырғанын хабарлады. Ал аралас көздер арқылы тартылатын қаржы көлемі – 7 млрд теңге.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




