«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ашық дереккөз
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес; 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 6) ғылыми дәрежесінің болуы; 7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес. D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында) e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-O-3 305232 350615
D-O-4 (А блок) 263131 302255
D-O-4 (С блок) 195549 224624
  1) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция және инновация бөлімінің басшысы, D-O-3 (1 бірлік), №06-01. Функционалдық міндеттері: А блогы. Өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімдігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұйрықтарын негізге алады; Облыс агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық, инновациялық жобаларды іске асыру жөнінде облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуін қадағалау; Жаңа технологияларды сараптауды ұйымдастыру, озық тәжірибені қорытындылау және насихаттау, семинарлар, кеңестер ұйымдастыру; Өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, озық технологияларды енгізуге ықпал ету; «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу; «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыстарын қадағалау; Агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу; «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыстарды қадағалау; Бөлімге келіп түскен хаттар мен арыз-шағымдарды тексеруді ұйымдастыру және мерзімінде жауап беру; Бөлімге тікелей басшылық жасап, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде міндетін арнайы белгілеу арқылы бөлім мамандарының біріне тапсырады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Мамандар еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша бірінің міндетін бірі атқаруды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су, Кәсіпкерлік Кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 2) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №03-03. Функционалдық міндеттері: А блок. Жоғарғы мемлекеттік ұйымдардың егін шаруашылығы саласы бойынша қабылданған қаулыларының, шешімдерінің, бұйрықтарының және хаттамаларының орындалуы жайлы хабарламалар дайындап, бақылауда ұстау; Егін шаруашылығын субсидиялау бағдарламасының орындалуын бақылау және жүзеге асыру; ауыл шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеуге қатысу, оның жұмыста жүзеге асырылуын бақылау; Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру, озық технологияларды енгізуге жәрдемдесу, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесінің жетістіктерін енгізуге ықпал ету; АӨК-дегі жаңа технологиялардың сараптамасын ұйымдастыру, озық тәжірибені жинақтау және насихаттау, семинарлар мен кеңестер өткізу; өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған барлық жұмыстарды бақылауда ұстау, оның ішінде салаға бөлінген қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу, оларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру; Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау; көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау; ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастыру. Міндеттелген бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін бақылауда ұстау. Егін шаруашылығы бөлімі бойынша бөлінетін қаражаттарды жоспарлау және игерілуіне талдау жасау жұмыстарын жинақтау; Жылыжай кешенін дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; Сала жұмысына қатысты тараптарда облыстық департаменттермен, басқармалармен, комитеттермен, инспекцияларымен, АӨК кәсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасайды. Мемлекеттік органмен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің ережелерін, стандарттарын және регламенттерінің жобасын әзірлеу және тұтынушы нұсқаулықтарының мәтінін облыс әкімдігінің және басқарманың веб-сайтына орналастыру, өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда жаңартып отыруды қамтамасыз етуін бақылау жүргізеді; сала бойынша қажетті ақпараттарды, шұғыл есептерді, мағлұматтарды жинақталуын және олар бойынша тиісті анықтамалар, ақпараттар даярлау; Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда бас мамандар бірін-бірі алмастырады; Бөлім басшысының айқындауы бойынша бюджеттік бағдарламалар жұмыстарын жүргізеді; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс немесе су ресурстары және суды пайдалану немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау немесе агрономия немесе экология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік, Су, Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу. 3) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін және аумақтарды дамыту, микроқаржыландыру бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №08-05. Функционалдық міндеттері: А блок. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің орталық мемлекеттік органдардың актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын облыс аумағында орындалуына қатысу; қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау; өз қызметі шегінде Үкіметтің қаулыларын, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын, облыс әкімшілігінің бұйрықтарын, қаулыларын, өкімдерін және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұйрықтарын негізге алады; мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығына берілетін жалпы несие қаржыларының есебін, талдауын жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау; жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақтылы және сапалы орындау, жоғары тұрған органдарға мәліметтер мен ақпараттар ұсыну; ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жоспарларын орындау; кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен және қаржы институттарымен, сондай-ақ «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлік палатасымен өзара іс-қимыл жасау; жүктелген функционалдық міндеттерге сәйкес жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау; аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу; мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша Келісімшарттар жасау, қажетті бюджеттік өтінімдерді қалыптастырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну; ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастыру және өткізу, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіру; «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджеттерге кредит беру» және де басқа бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асыруға қатысады; кредит берушілердің қаражатты уақтылы игеруіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу; «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» қағидасына сәйкес екінші деңгейдегі банктермен жұмыстарды ұйымдастыру; микрокредит беру ұйымының және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат беру, жарты жылдың және есепті жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейінгі мерзімде беру; «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң талаптарына сәйкес агроқұрылымдардың кооперацияға бірігуіне аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып жұмыс жүргізіп, тоқсан, жарты жылдық және жылдық талдау жасап ақпарат дайындайды; бекітілген аудандарда (Шу, Мойынқұм, Қордай) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және семинар- кеңестер өткізуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда бас мамандар бірін-бірі алмастырады; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы. Мамандығы: ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе құқықтану немесе биотехнология немесе азық–түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау және сертификаттау немесе метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша). Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстері, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 4) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №04-02. Функционалдық міндеттері: А блок. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оларды аттестаттауды жүргізеді; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады; облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды; ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді; құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі; бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді; сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады (агроесеп); тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады. Өсімдіктер карантині саласы бойынша карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады; уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда міндетін бөлім басшысы атқарады немесе бас мамандар бірін-бірі алмастырады; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы. Мамандығы: ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау және сертификаттау немесе метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Әкімшілік құқықбұзушылық Кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдарын және және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. 5) Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының құжаттама және бақылау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №02-02. Функционалдық міндеттері: С блок. Басқармадағы құжатайналымды ұйымдастырады және іс-номенклатурасы бойынша бақылау жүргізеді. Басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың заң талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Басқармаға келіп түскен құжаттарды, тапсырмаларды уақтылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстайды және мерзімінде орындалып, жеткізілуін қамтамасыз етеді; Жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесі» № 51 қбп қаулысына сәйкес «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізеді (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға жеткізу, олардың кері қайтарылуына, істердің бастапқы қалыптасуына бақылау жасау); Жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды, олардың тізбесін жасайды; Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін және 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді және уәкілетті органға береді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізілуін қамтамасыз етеді; Азаматтар мен ұйымдардың басқармаға келіп түскен арыздарын тіркейді және оның орындаушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді, орындалуына бақылау жүргізеді; Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады; Басқарма басшысының атына азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен арыздарға талдау жүргізеді; Басқарманың сенім телефонына және азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшікке түскен арыз-шағымдармен, тұлғалар өтініштерімен жұмыс жүргізеді; Ведомстволық мұрағат жұмысын «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алу мен пайдалануы қағидаларына» сәйкес жүргізу; Еңбек демалысына және басқа да жағдайларға байланысты жұмыста жоқ кезде мамандар бірін-бірі алмастырады, бөлім басшысы уақытша болмаған жағдайда міндетін атқарады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе әлемдік экономика немесе статистика немесе қоғамдық байланыс немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамсыз ету немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе стандарттау және сертификаттау немесе метрология. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың; 2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады: 1) Өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210 - іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады: 1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі); 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама); 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама). Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 2-қосымшасы
 
 Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
 

 Өтініш

Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Мекенжайы: __________________________________________________ Байланыс телефоны: ___________________________________________ e-maіl: ___________________________________________________________ ЖСН: ___________________________________________________________ _________________

Ұқсас жаңалықтар