Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
6) ғылыми дәрежесі;
7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы Санаты | Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарын есептегенде |
теңгеден | теңгеге дейін | |
D-O-2 А блок | 410720 | 471788 |
D-O-4 А блок | 263131 | 302255 |
D-O-4 В блок | 226837 | 260554 |
| | | | |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, №210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес). Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: - Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, №01-1, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А блогы. Басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды бақылау; Облыс әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмалары мен бұйрықтарының, алқа мәжілістері шешімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен белгілеген іс-шараларының осы салаға байланысты басқа да мәселелердің орындалуын ұйымдастыру, өзіне бағынысты бөлімдердің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау; салаға қатысты хаттар мен арыз-шағымдарды тексеруді бақылау; жобалық басқару шеңберінде бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына бақалау жасау; облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыруын және жүргізілуін қадағалау; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауын (жеткізуді) қадағалау; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды қадағалау; ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс етуді қадағалау; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды қадағалау; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді қадағалау;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жұмыстарын қадағалау; осы міндеттерді атқарумен қатар эпизоотияға қарсы іс-шаралар, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімдеріне басшылық жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – Ветеринария немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі. Мамандығы: Ветеринария саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламаларын және табиғат пайдалануды реттеу,
экологиялық сарапатама бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №4-4. Функционалдық міндеттері: А блогы. II, III, IV санаттағы нысандар бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат рәсімдейді және өтінім материалдарын қарайды, белгіленген үлгі бойынша Жамбыл облысы бойынша экология департаментіне және Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне қоршаған ортаға эмиссияларға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерін ұсынады. Қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық актілер және әдістемелік-нормативтік жобаларды дайындауға қатысады, жоба дайындайтын мекемелермен және табиғат пайдаланушылармен әдістемелік-кеңес жұмысын жүргізуге қатысады. Табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер есебі бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе қызмет көрсету саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы – Экология немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Экологиялық, Су кодекстерін, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн білу.
- Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газбен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 7-2.
Функционалдық міндеттері: А блок. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындалуын қамтамасыз етеді, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының және басшы орынбасарының тапсырмаларын орындайды. Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкімдігі отырыстарын, басқарма басшысының бұйрықтарын және басшы орынбасарының хаттарын дайындау,бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, тиісті орындау және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді; бөлім қызметкерлері әзірлеген құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қадағалайды (дәйктемелер, анықтамалар, есептер, қызметтік хаттар, хаттар және т.б.); мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын газдандыру нысандарының құрылысы кезінде әкімші немесе тапсырыс беруші қызметін жүзеге асырады; газдандыру саласында жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша тиісті жұмыстарды атқару (бюджеттік өтінімдерді, қаржыландыру жоспарын жасау, конкурстық рәсімдерді уақытылы ұйымдастыру, келісім-шарттарды жасау, бастапқы деректерді ұсыну, қаражаттың игерілуін қамтамасыз ету, жобалау жұмыстарына бақылау жүргізу, атқарылған жұмыстар бойынша актілерді тексеру, кеңестерді ұйымдастыру, жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамадан уақытылы өткізу бойынша барлық шараларды жүзеге асыру); газбен жабдықтау нысандарының құқықтық растайтын құжаттарын әзірлеу (есептемелерді және бюджеттік өтінімді жасау, келісім-шарттарды жасау, бастапқы деректерді ұсыну, жұмыс барысын қадағалау, қаражаттың уақтылы игерілуін қамтамасыз ету, құқық белгілейтін құжаттарды әділет органдарында тіркеу жұмыстарын жүргізу); газбен жабыдқтау нысандарын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізіп-беру жұмыстарын жүзеге асыру (атқарушылық-техникалық және құқық растайтын құжаттарын жинақтау, тиісті органдармен келісім жұмыстарын жүргізу, өткізіп беру туралы қаулы шығару және т.б.); газдандыру саласында тиісті айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есебін дайындау және тапсыру; бюджеттік бағдармалардың жобаларын және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді әзірлеу, оларды ашық бюджеттер интернет-порталына орналастыруға ақпарат ұсыну, ашық бюджеттер интернет-порталында тиісті ақпаратты орналастыру. Газбен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, облыс халқының газбен жабдықтау қызметімен қажеттіліктерін қанағаттандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Облыс аумағында газдандырудың бас схемасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу көзделген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервтейді. Газ құбырына қосу үшін тұтынушыларға қойылатын талаптар мен ережелерді әзірлеуге қатысады. Облыстағы жанар-жағармай бекеттеріндегі жанао-жағармай және сұйытылған мұнай газының бағасын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында. Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдырдың химиялық технологиясы жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе мұнай-газ ісі немесе құрылыс немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе автоматтандыру және басқару.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Азаматтық қорғау туралы» және осы лауазымына басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормативтік-құқықтық актілерді білу.
- Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің орны 07.08.2022 ж. дейін), D-О-4 санаты №4-3.
Функционалдық міндеттері: А блок. Басқарма басшысының және орынбасарларының тапсырмаларын орындау, облыс аумағында орналасқан жылу энергетикасы кәсіпорындарының кешенді дамуы бірыңғай стратегиясын жүзеге асырады. Облыс аймағында орналасқан жылу энергиясын өндіретін, тасымалдайтын және тарататын кәсіпорындар жұмысын зерделеу. Бөлімге келіп түскен экономикалық талдама есеп берулерді қаржы-шаруашылық бөліміне өткізеді. Жылу энергиясын өндірумен, қамтумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды және жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда басқарма басшысына жылу-энергетика кешенінің жұмысына нұсқан келтіріп, экономикасын төмендетіп тұрған себептерді жою туралы ұсыныстар жасайды, жылумен қамту нысандарынан күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша мәлімет жинайды. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді отынмен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинақтап, тиісті орындарға тапсырылады. Табиғи монополиялар субъектілерімен инвестициялық бағдарламаларды үйлестіреді, ҚЭН-ні (қаржылық-экономикалық негіздеме) бекітеді, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады, бағынысты кәсіпорындардың бюджеттік қаражаттарын бақылайды және мониторингілейді. Жылумен қамту нысандарының материалдық-техникалық базасын күшейту және жаңғырту сұрақтарының орындалуын ұйымдастырады. Жылу-энергетика кәсіпорындарын экономикалық дамыту сұрақтары бойынша басқарманың жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға қатысады. Бөлімнің құзырына кіретін басқада сұрақтар бойынша анықтамалар, мәліметтер дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында. Мамандығы: гидроэнергетикалық қондырғылар немесе электр энергиясын өндіруді және таратуды автоматтандыру немесе автоматтандыру және басқару немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе техникалық машиналар және жабдықтар немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс немесе гидроэлектроэнергетика немесе өнеркәсіптік жылу энергетикасы немесе жылу энергетикалық процестерді автоматтандыру немесе гидротехникалық құрылыс немесе электр энергетикалық жүйелерді автоматты басқару немесе коммуналдық құрылыс және шаруашылық немесе энергетика және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы немесе құрылыс немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе энергетикада басқаруды ұйымдастыру.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
- Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің орны 11.10.2022 ж. дейін), D-О-4 санаты №3-2.
Функционалдық міндеттері: А блок. Электр энергетика нысандары жұмысын үйлестіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларды қысқы жылыту маусымға дайындау, іс-шараларын
ұйымдастыру және орындау. Елді мекендердің электр энергиясы қажеттілігін қамтамасыз ету. Облыс қалалары мен аудандарының энергоүнемдеу мен энерготиімділік жұмыстарына координация жасап үйлестіру және талдау. Жамбыл облысының энергоүнемдеу және энерготиімділікті көтеру кешенді жоспарының жүргізілу, орындалуын және жүзеге асыруын бақылау, талдау аналитикалық мәліметтер дайындап ақпарат жіберу, өзі атқаратын сала бойынша облыс әкімдігіне, облыс маслихатына, салалық министрліктерге, атқарушы органдарға, ақпарат дайындап жіберу. Энергоүнемдеу және энерготиімділік жұмыстарына аудит ұйымдастыру. Электрмен жабдықтауға бақылау және коммерциялық шығынды төмендету шарасын жүргізу және талдау. Жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау. Электрмен жабдықтау нысандарының жұмысы бойынша оперативті мәлімет дайындау. Балама және жаңартылған энергия көздерін орнатуына ықпал жасап талдау жасап отыру. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді дайындайды, тиісті органдардарға жолдайды және мониторингілейді. Бөлімнің құзырына кіретін басқада сұрақтар бойынша анықтамалар, мәліметтер дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында. Мамандығы: электр энергетика немесе электр энергиясын өндіруді және таратуды автоматтандыру немесе автоматтандыру және басқару немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе техникалық машиналар және жабдықтар немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс немесе гидроэлектроэнергетика немесе гидротехникалық құрылыс немесе электр энергетикалық жүйелерді автоматты басқару немесе коммуналдық құрылыс және шаруашылық немесе энергетика және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы немесе құрылыс немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе энергетикада басқаруды ұйымдастыру.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
- Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің орны 25.09.2022 ж. дейін), D-О-4 санаты №9-2.
Функционалдық міндеттері: В блок. Қазынашылық департаментіне өтінімдерді, төлем тапсырмасын жасайды. Салық департаментіне табыс және әлеуметтік салық бойынша тоқсандық және жылдық есептерді жасайды. Басқармада барлық түрдегі қызметінің бухгалтерлік есептерін (кезеңдік және жылдық) құрастыру жиынтығына қатысады. Басқарма қызметкерлеріне еңбекақы, ауруханалық қағаз, қызметтік іс-сапарлар, еңбек демалыстарға, сонымен қатар сыйақы мен басқа да төлемдермен белгіленген тәртіпте есеп жүргізеді. Басқарма аппаратының және басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорндардың штаттық кестесін және қаржыландыру сметасын дайындайды. Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді. Штаттық сметалық тәртіптің сақталуын және еңбекақы қорынан жұмсалған төлемдердің бақылануын қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражаттарды тиісінше пайдалану және мемлекеттік мекемелердің қаржылық жоспарының уақытылы орындалуына тұрақты бақылау жасалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің ұйымдық-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру және орындауға түскен хаттар мен құжаттардың орындалуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 401, 402-іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап
үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 1304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы |
Нысан |
__________________________ |
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ___________________________________________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________
_________ ____________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы |
Нысан |
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
________________________________________тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии) | ФОТО(түрлі түсті/ цветное,3х4) |
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии) |
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер) |
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
1. | Туған күні және жері /Дата и место рождения |
2. | Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию) |
3. | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей |
4. | Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения |
<