Негізгі міндет – халықтың өмір сүру сапасын арттыру
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде асыраушы салада қордаланып қалған мәселелерге баса назар аударды. Осыдан-ақ Қазақстан халқы Президент баяндамасын асыға күткенін аңғаруға болады. Жалпы, аталған Үкімет отырысы әр қазақстандық үшін маңызды әрі тарихи мағынасы бар референдумнан кейін алғаш рет өтіп отыр. Президенттің әр сөзінен түйінді мәселелерге байланысты тиісті шешімдерді қабылдап қана қоймай, сонымен қатар болашақта жүзеге асырылатын шараларды да жіті ойластырғаны сезілді. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде болған оқиғаларды саралап, келешекте Қазақстанның қазіргіден де қуатты әрі күшті мемлекет болып шығатындығына нық сенім білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінен бастап, әлеуметтік-экономикалық даму, саяси реформалар кешенін жүзеге асыру бастамасы көтерілді. Елдің Жаңа Қазақстанға аяқ басқанын ескерсек, Президент жүктеген тапсырмаларды жауапкершілікпен жүзеге асыру аса маңызды.
Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл жиында Президент Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте, атқамінерлер ең алдымен халыққа қажетті азық-түлік тауарларының бағасын реттеу әрі баға тұрақтылығын сақтау үшін арнайы мемлекеттік реттеу механизмін іске асыруға міндетті. Бүгінгі таңда ел Үкіметі мен өңір әкімдері халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында жүйелі жоспар құруға білек сыбана кірісіп кетті.
Ең бастысы – мемлекетті құрайтын халық екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да, ең бірінші қарапайым жұртшылықтың мұқтаждығына құлақ асу, өтініштерін орындау бойынша Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Үкіметке берген тапсырмасы көптің ойынан шықты деп ойлаймын. Бұл тапсырма мүлтіксіз орындалатын болса, халқымыздың әлеуеті де, хал-ахуалы да жақсара түсетіні сөзсіз.
Махметғали САРЫБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді