Жайна, Отан - ана
Өлеңін жазған Болат Мәуленов Әнін жазған Жандос Омаров
Кернейді бойды, Билейді ойды, Даламның даусы – әсемсазым. Ұшамын самғап, Суылдап қанат, Желпіген желі – еркеназым. Сыңсыған орман, Қалғыған қорған, Елімді ойлап еміренген. Болса да мұңсыз, Жатса да үнсіз, Тасың да бірге тебіренген. Қайырмасы: Арай таңдарыңмен, Асқақ арманыңмен, Жайна, Отан -Ана Жайсаң жандарыңмен. Аталық пейіл, Аналық мейір. Шыңдарға шарықтап қондырған. Ағамның жыры, Жеңгемнің сыры, Кеудеме күміс күй толтырған. Мерейім асып, Шабытым тасып, Сеземін керемет кеңдікті. Еңбегім жанып, Мейірім қанып, Аңсаймын ерлік пен елдікті. Қайырмасы:
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




