Нұрмұхаммед Азия чемпионы атанды
Жуырда Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим және еркін күрестен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған Тараз қаласындағы №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, ауданымыздың мақтанышы Нұрмұхаммед Тұрдалы 38 киллограм салмақ дәрежесінде белдесіп, алтыннан алқа тағынды. Нұрмұхамед аудандағы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында тұратынын айта кеткіміз келеді.
Н.Тұрдалы алдағы уақытта Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сапында әлем чемпионатына және бірнеше маңызды халықаралық жарыстарға қатысуды көздеп отыр. Манама қаласында өзін мойындатқан жерлесіміздің алдағы байрақты бәсекелерде де елдің үмітін ақтай беретініне сенімдіміз. Күні кеше шет мемлекетте еліміздің байрағын желбіреткен балуанды жерлестері ыстық ықыласпен күтіп алып, лайықты құрмет көрсетті.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
журналист.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




