Пайда ойлама, ар ойла
Облыстық газеттен Шу ауданының тұрғыны жазған бір мақаланы оқып, ойға қалдым. Ол өз сөзінде адамдарға дәулет бітіп, ақша мен малы көбейген сайын қайырымдылыққа бет бұрып, құдайы беріп тұру қажеттігін, өзі осы уақытқа дейін 12 қой, 12 сиыр, 12 жылқы малын садақа еткенін жазған екен. Сондай малды, мол ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға шамасы келетін адамдар біздің Меркіде де жетерлік. Бірақ олардың атымтай жомарттығын естімеппін. Дүние адамға жолдас болмайтынын талай рет көрсек те, ол жайлы ойланбаймыз. Ауданның бір байы жаман аурумен ауырып, дүниесі таласқа түскені бар. Сол кезде әлгі жігіт: «Мені мына аурудан айықтырып, аман алып қалатын адам болса, бар байлығымды соған берер едім» деген екен. Бірақ жазмышқа кім араша болған дейсіз?! Айналасына қайыры болмаған ол 55 жасында өмірден өтті.
Дәл сол сияқты мысалдар өте көп. Ауылымызда 40 жылдан бері сауда жасап келе жатқан азамат бар. Екі дүкеннің иесі. Сол туған бауырына қарызға 30 мың теңге бермей қойып, артынша ұры-қарының қолынан миллиондаған ақшасы, алтындарының қолды болғаны бар.
Қазақта «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің» деген жақсы сөз бар. Әрбір азамат дүниені жолдас қылмай, осы сөзді ұмытпаса екен деймін.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
70 жасың құтты болсын, жан анам
- 31 қазан, 2024
Облыста тұңғыш рет күрделі ота жасалды
- 31 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді