Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Санаты | Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы |
теңгеден | теңгеге дейін | |
D-О-4 А блок | 263131 | 302255 |
D-O-4 В блок | 226837 | 260554 |
| | | | |
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: - Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №05-1, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: В блогы. Бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстарды атқару. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шараларды жүзеге асырады; Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметiнiң құқықтық және қаржылық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн білдіреді. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және басқарманың басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды. Басқармаға келiп түсетiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын жүргізеді. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын жүзеге асырады. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады. Мердігерлермен жасалған шарттарға қосымша келісімдер үшін құрылыс объектілеріне көзделген қаржы жөніндегі жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемін зерделеуді, орындалған жұмыстардың барысы туралы тексереді. Смета бойынша сомаларды және объектіге шыға отырып орындау фактілерін салыстырып тексеруді жүргізеді Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық өзіндік ерекшелігін оқып, жобалау-сметалық құжаттама және оның кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын қамтамасыз етеді; Мердігермен жасалған келісімшарттармен қосымша келісімдер үшін құрылыс нысандарына қарастырылған қаржы бойынша жобалық құжаттамаларға сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемін, орындалған жұмыстардың барысы туралы зерделеу жүргізіп, басқарма басшысына талдамалық анықтамалардың ұсынылуын қамтамасыз етеді; Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлеу. Тексеру органдары жүргізген тексерудің анықтамалары мен актілеріне мониторинг жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік өңдеу және құрылыс саласындағы немесе бизнес басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
2.Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы санаты D-O-4, 1 бірлік, №03-1-9, 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: А блогы. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеруге қатысу. Өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
- Өтініш;
- 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
- білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру
соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:
080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап
үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 2-қосымшасы |
Нысан |
__________________________ |
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _________________________________________________________________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________
e-maіl: _________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________
_______________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы |
Нысан |
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии) | ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,3х4) |
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии) |
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер) |
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
1. | Туған күні және жері /
Дата и место рождения |
2. | Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию) |
3. | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей |
4. | Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения |
5. | Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
6. | Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками |
7. | Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
8. | Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
9. | Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
10. | Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
Күні / Дата | қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации |
қабылданған /приема | босатылған /увольнения |
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата | _______________күні / дата |
| | | | |