«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Нұржан Әліш

Нұржан Әліш
ашық дереккөз
Нұржан Әліш
Ақын рухына шағыну (Серік Томановқа) Өлеңімнен жүргенде жанбай бағым, Серік аға, сен жаққа самғайды әнім. Саясат қой санаңды уландырған, Сая таппай тұншығып таңдайдағы үн. Тағдырыңды осылай таңдадың ба, Өлең болды тек қана талғамыңда. Бұл қоғамның билігі мансап қуған, Қайырымсыз қулардың қармағында. Серісі едің сен де бір еркін елдің, Өзегіңде өлеңнің өртіне ендің. Асықпа аға тууға жақын қалды, Тәубесіне қуларды келтірер күн. Заман туар заңы әділ, бұйрығы өктем, Келеді әлі масайрап күйлі көктем. Кезі болар зиялы бір дәуірдің, Әкімдікке ақындық билік еткен. Адамға адам жолықпайды себепсіз (Айгүлге) Күн кешейік, үндесейік егессіз, Бұл өмірде мәңгілікке емеспіз. Біз екеуміз тағдыр қосқан жандармыз, Адамға адам жолықпайды себепсіз. Біреулерге бәлкім қиял, елеспіз, Біреулерге биік шыңбыз, белеспіз. Кездескенбіз, кездейсоқ біз емеспіз, Адамға адам жолықпайды себепсіз Талай жанмен тіл табыстық қостық мұң, Арман қуып алдан бірге тостық күн. Адамға адам қауышпайды негізсіз, Себебі бар махаббаттың, достықтың. Себебі бар анаға бас июдің, Себебі бар жақсы көру, сүюдің. Себебі бар Отаныңның алдында, Қажет болса өз жаныңды қиюдың. Анама Қонжығыңмын қолыңнан бал асаған, Бар бақытты арнаймын, ана, саған. Өзің сүрген шуақты ғұмырыңның, Ұзақтығын тілейді бала-шағаң. Паналаған сәбиің таулы ығыңды, Жаратқаннан тілейді саулығыңды. Тағдыр атты толқынға қарсы жүзем, Желкен етіп кемеме жаулығыңды. Тіршіліктің қоймассың қолын қағып, Шаңырақтың киелі шамын жағып. Отырмысың біздерге тілек-тілеп, Түзден келер әкемнің жолын бағып.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар