Денсаулық
Жол құрылысы мамандықтарына білім гранттарын көбейту керек - министрлік
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2022
- 612
Жол құрылысы мамандықтарына білім гранттарын көбейту керек - министрлік
Еліміздегі автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін салаға қажетті бірнеше мамандық түріне білім гранттарын көбейту керек. "Жолды жобалау, жол құрылысы мен жолды және көпірді күтіп ұстау профилдік мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етіп, аталған мамандықтарға бөлінетін білім беру гранттарының санын арттыру қажет", - делінген министрлік хабарламасында. Ведомстводан мәлім еткендей, Қазақстанда автомобиль жолдары мен көпір құрылыстары бойынша мамандар 2015 жылдан бері даярланбайды.
«Аталған мамандықтар қысқартылып, көлік құрылысы мамандығына кіріктірілген. Бұл мамандық бойынша автокөлік жолдарына арналған профильдік пәндер барлық сабақтың 10 пайызы ғана болады. Сондай-ақ, орта арнаулы оқу орындарында мамандарды даярлау ескі оқу бағдарламасымен жүргізіледі және де аталған білім беру мекемелері заманауи техникалық құралдармен тиісті деңгейде жабдықталмаған », - деп толықтырады министрліктен. Осы орайда, ҚР ИИДМ жылына бөлінетін білім беру гранттарының санын 500-ге дейін арттырып, колледждерді уақыт ағымына сай жабдықтау мәселесін ұсынып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




