Денсаулық
Мемлекет басшысы Серікқали Брекешевке киік санына қатысты мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін сөгіс жариялады
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2022
- 625
Мемлекет басшысы Серікқали Брекешевке киік санына қатысты мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін сөгіс жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. "Министрге сөгіс жариялаймын. Біріншіден, осы айтқандарым үшін сөгіс. Екіншіден, ақбөкен популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаң және пікірталас бастағаны үшін. Мұның бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар?", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол министрді киіктердің популяциясы мәселесіне ұлт менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыдан қарауға шақырды.
"Шынында да киік қазақ үшін киелі жануар. 80 мың киікті табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру туралы ұсыныс жасалып жатыр. Басқа да әдістер бар көрінеді. Сарапшылармен кеңесіңіз, бұл төтенше шаралар. Бұл шараға да жүгінуге тура келетінін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара, деп баса айтамын. Біз бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек", - деп қосты Президент.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашықеевке сөгіс жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




