«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Азия чемпионатынан жүлдемен оралды
ашық дереккөз
Азия чемпионатынан жүлдемен оралды
Баланың табысы ұстаздың тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты. Талай шәкірттің талабын ұштап, түрлі деңгейдегі жарыстарда тұғыр биігіне көтеріп жүрген ерлі-зайыпты Берік Пшанов пен Жаухар Дәуренбекованы спортсүйер қауым жақсы таниды. Зейнет жасына жетсе де қарымы мен қайратын сақтаған ардагер спортшылар Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында 64 және 100 шаршылы дойбыдан өткен Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Берік Пшанов 60 жастан асқан ардагерлер арасында 100 шаршылы дойбының классика түрінен және түрік дойбысынан қола жүлдеге қол жеткізсе, Жаухар Дәуренбекова 100 шаршылы дойбының блиц, рапид түрінен күміс, қола медальге ие болды. Ойлылар ойыны саналатын дойбыдан олжа салған жерлестеріміздің жетістіктері жастарға үлгі. Теннис шебері Елена Рыбакина жанкүйерлерін ғаламат жеңісімен қуантып отыр. Ол үлкен дулығалы «Уимблдон» турнирінде чемпион атанып, тарихи маңызы зор жетістікке қол жеткізді. Осылайша отандасымыз өз атын тарихқа алтын әріппен жазды. Сонымен қатар Рыбакинаның жеңісінен соң еліміз «Уимблдон» турнирінде топ жарған он екінші мемлекет болып тіркелді. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-арена» спорт кешенінде волейболдан «Тауелібай кубогы» турнирі өтті. Аталған турнирдің ашылу салтанатында ел қариясы, спорт жанашыры Қалыбай Байысов сөйлеп, мұндай іс-шараның маңызы зор екенін айтып, қатысушыларға табыс тіледі. Жарысқа Алтынбек Талғарбаев бас төреші болып, ойын барысын әділ бағалады.

Нарбол ҚАШАҒАН, журналист. Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар