Тартысқа толы «Тауелібай кубогы» турнирі
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-арена» спорт кешенінде волейболдан «Тауелібай кубогы» турнирі өтті. Аталған турнирдің ашылу салтанатында ел қариясы, спорт жанашыры Қалыбай Байысов сөйлеп, мұндай іс-шараның маңызы зор екенін айтып, қатысушыларға табыс тіледі. Жарысқа Алтынбек Талғарбаев бас төреші болып, ойын барысын әділ бағалады.
Турнирде жалпы 12 команда бірнеше топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады. Атап айтқанда, Тараз қаласынан «Шонтыбай», «Балақарақ», «Балақарақ-2», «Кенимех», «Ұзынқұдық», «Шеңгелді», Алматы қаласынан «Балақарақ-1», «Алматы», «Баймұрат», «Үштөбе», Теміртау қаласынан «Теміртау», Шымкент қаласынан «Соркөл», «Ащы» командалары қатысты. Осы қатысушылар арасынан финалда тараздық «Ұзынқұдық» пен шымкенттік «Соркөл» командалары кездесіп, «Ұзынқұдық» құрамасы жеңімпаз атанды. Ал үшінші жүлде үшін таласта алматылық «Алматы» құрамасы тараздық «Шеңгелді» құрамасынан басым түсті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом, медаль және сыйлықтармен марапатталды.Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




