Елена Рыбакинаның тарихи жеңісі
Теннис шебері Елена Рыбакина жанкүйерлерін ғаламат жеңісімен қуантып отыр. Ол үлкен дулығалы «Уимблдон» турнирінде чемпион атанып, тарихи маңызы зор жетістікке қол жеткізді. Осылайша отандасымыз өз атын тарихқа алтын әріппен жазды. Сонымен қатар Рыбакинаның жеңісінен соң еліміз «Уимблдон» турнирінде топ жарған он екінші мемлекет болып тіркелді. Еленаның финалдағы қарсыласы тунистік Онс Жабер болды. Негізі О.Жабердің рейтингі Еленадан жоғары болатын. Фоварит саналған. Тіпті алғашқы кезеңді 6:3 есебімен Жабер жеңді. Ал мұнан кейінгі екі кезеңді отандасымыз Рыбакина өз пайдасына шешті де, чемпион атанды.
Елена Рыбакинаның турнирдегі сәтті өнеріне қарап, жас пері әлі талай турнирде топ жарады дегенге үміт басым. Былтыр Токио Олимпиадасында Е.Рыбакина қола медальға қолсозым жетпей қалып еді.
Дәл осы бабынан таймаса ол өкініштің де орны толады деп ойлаймыз. Ал нақ қазір Рыбакинаның үлкен дулығалы «Уимблдон» турнирінде алтын жүлдені олжалауы еліміздегі барша спорт жанкүйерлерінің мерейін өсіргені анық.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




