«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіпкер туған ауылына мешіт салып берді

Кәсіпкер туған ауылына мешіт салып берді
ашық дереккөз
Кәсіпкер туған ауылына мешіт салып берді
Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Бақалы ауылында 200 орындық мешіт ашылды. Сәулеті келіскен мешіт жеке кәсіпкер, осы елді мекеннің тумасы Гүлнәр мен оның жұбайы Ержан Әбдрахмановтардың демеушілігімен бой көтерген еді. Қасиетті жұма күні тұсауы кесілген Алла үйінің салтанатты кешіне арысы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласы мен Бостандық ауданынан, берісі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан арнайы ағайындары келіп, осындағы бауырларының қуанышына ортақтасты. Бақалы мен Теріс ауылдарының ортасындағы жазық алаңқайда бой көтерген имандылық ордасы сонадайдан көз тартады. Ауласы абаттандырылып, айналасы тал-дарақпен, жас жеміс ағаштарымен көмкерілген. Ауыл имамына арнап үш бөлмелі баспана тұрғызылып, мешіт жанынан ұлдар мен қыздарға шәкірті, ауыл имамы Бауыржан қариға Қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Тілек білдірушілер, қуанышпен бөлісушілер қатары аз болмады. Оның ішінде Өзбекстан Республикасы мен Алматы облысынан арнайы ағайынның сәлемін ала келген ағалар да, ел басқарған шенеунік пен ауылдың белді азаматтары да тебірене арналған дәріс бөлмелері де қарастырылған. Сонымен қатар 100 орындық асхана салынған. Бір сөзбен айтқанда барлық жағдайы жасалып, ауыз су, көгілдір отыны да кіргізілген. Жаңа мешітке ұсталығымен елге танылып, ашаршылық жылдары ағайынын аштықтан аман алып қалған Гүлнәрдың атасы Мырзахметтің есімі берілген. Мешіттің ашылуында Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Қайыпбеков ақ батасын берсе, Теріс ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірқұл Мырзахмет атаның өмір жолымен таныстырды. Мешіттің жаңа имамы Бауыржан қари Құран оқыды. Осыдан кейін облыстың бас имамы Бейбіт Əліпбекұлы мен Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев өздерінің ізгі тілегін жеткізіп, ауыл халқын құлшылық үйінің ашылуымен құттықтап, жастарды имандылыққа шақырды. Өз кезегінде облыстың бас имамы осында жасалған жұмысқа оң бағасын бере отырып, жеке кәсіпкердің ізгілікті ісін жоғары бағалады. Сөйтіп Сарыағаштағы арнайы медреседе тәлім алған сөйлеп, қуанышқа бәрі ортақтасты. Жиынның соңына қарай сөз кәсіпкер Гүлнәр Рахманқызына берілді. – Бұл мешіт мақтангершілік үшін емес, Алланың разылығы үшін салынған құлшылық үйі. Бұрын осы арада ескі мешіт болыпты. Араға жылдар салып соны біз қайта жаңартып, атамыздың есімін беріп отырмыз. Біздің бастаманы қолдаған Бақалы мен Теріс ауылының тұрғындарына шексіз ризамын. Бұл іс бір жаратушы Алланың қалауымен іске асты деп есептеймін, – деген кәсіпкер, оның құрылысын жүргізген, оған атсалысқан ауыл тұрғындарына жəне өзіне қолдау көрсеткен жолдасы Ержанға алғысын білдірді. Ауыл тұрғындары қызды құрметтей отырып, басына ақ орамал жапса, Ержанға арғымақ мінгізді. Мешіттің лентасын Көкбастау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Қайыпбеков пен Бота Мырзахметқызы қиды. Сол күні жұма намазы жаңа мешітте оқылды. Соңынан құдайы тамақ таратылды.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар