Денсаулық
«BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыкалық этнофестивалі ел көңілінен шықты
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2022
- 500
«BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыкалық этнофестивалі ел көңілінен шықты
2022 жылдың 8 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында шығармашылықпен рухтанған, Алтай әуендерін әуелеткен өнерпаздардың басы қосылатын «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыкалық фестивалі өтті.
Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Түркі әлемінің бесігі саналатын Ұлы Алтайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар Катонқарағай өзінің ежелгі табиғи сұлулығы сүйсіндірер киелі мекен.
Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған.
Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды.
Іс-шара барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, кемеңгер туындылар орындалды.
Сонымен қатар, балалар мен жас музыканттарға арналған шеберлік классы өтіп, соңынан музыканттар қасиетті Катонқарағай жерінен бата алып, балқарағай отырғызып, сол арқылы өлкенің рухани әрі табиғи сұлулығына өз үлестерін қосады.
Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Түркі әлемінің бесігі саналатын Ұлы Алтайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар Катонқарағай өзінің ежелгі табиғи сұлулығы сүйсіндірер киелі мекен.
Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған.
Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды.
Іс-шара барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, кемеңгер туындылар орындалды.
Сонымен қатар, балалар мен жас музыканттарға арналған шеберлік классы өтіп, соңынан музыканттар қасиетті Катонқарағай жерінен бата алып, балқарағай отырғызып, сол арқылы өлкенің рухани әрі табиғи сұлулығына өз үлестерін қосады. Нұрасыл Асылханұлы
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




