Бес айда 787 әкімшілік материал қаралды
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз кұзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 722-бабына сәйкес әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады. Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
267-бап бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай міндеттемелерді қабылдау бойынша мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқықбұзушылықтар Кодекстің 810, 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпте қаралуы мүмкін.
Бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Онда хаттаманы толтырған уәкілетті тұлға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен тапсырады.
Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни департамент тарапынан Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
Департамент Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
2022 жылдың 5 айында департамент тарапынан 787 әкімшілік материал қаралып, хаттамалар толтырылды (оның ішінде прокуратура органдарының ұсыныстары, тексеру комиссияларының және ішкі аудит қызметтерінің материалдары бойынша), оның ішінде 30 материал сотқа берілді.
Қаралған 757 әкімшілік материал бойынша департамент тарапынан 60203,2 мың теңгеге айыппұл салынып, оның 41 681,1 мың теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.
Өтелмеген сомалар бойынша әкімшілік материалдар мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот органдарына жіберілді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді