Рәміздер талапқа сай пайдаланылуы тиіс
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, семинар барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бас маманы Ш.Қашқынбек, техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бейсенбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Спикерлер мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуы, ұлттық стандарттарға сәйкес келуі туралы баяндама жасады.
Аталған семинарға қаладағы басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына қарасты мекемелердің, жоғары және арнаулы оқу орындарының, банк саласының, қалалық бөлімдер мен мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




