Қала тазалығы - басты назарда
Тараз қаласында тазалықты сақтау бойынша күнделікті зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық жұмысты қала әкімі аппаратының бас инспекторлары жеке тұрғын үйлер мен бизнес нысандарының аумағын зерделеуден бастады. Бүгіннің өзінде 11 округтің бас инспекторы жергілікті тәртіп сақшыларымен бірге 48 көшені аралады. Көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген жергілікті тұрғындарды анықтады. Нәтижесінде үш күннің ішінде 21 тұрғынға ауызша ескерту беріліп, Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 505-бабына сәйкес, жеке тұрғын үй секторлары мен бизнес нысандарының аумағында күл-қоқыс үйінділерін төккен 35 тұлғаға хаттама толтырылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Осы орайда, мамандар абаттандыру ережелерін бұзған тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Қаланың санитарлық тазалығына тек коммуналдық шаруашылыққа жауаптылар ғана емес, тұрғындар да жауапты екенін естен шығармаған жөн.
Айман Ембердиева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




