Денсаулық
Тапсырыс берсеңіз, дайын құжаттарды үйіңізге жеткізеді
- author «Ақ жол»
- 25 маусым, 2022
- 621
Тапсырыс берсеңіз, дайын құжаттарды үйіңізге жеткізеді
Дайын құжаттарды жеткізу сервисі енді Ақтау, Ақтөбе, Талдықорған, Петропавл, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Екібастұз қалаларында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындары пайдаланатын. Өткен жылдан бері тұтынушылардың үйіне 8 мыңнан астам құжат жеткізілді. Құжаттар тізімі үнемі жаңарып отырады және қазір 144 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
Құжаты дайын болғанда клиент веб-парақшаға дербес сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
Сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайы туралы деректерді толтыру қажет.
Құжатыңыз 1 жұмыс күні ішінде үйіңізге жетеді, қызмет құны – 970 теңге. Сервис қала шегінде ғана қолжетімді.
Шалқар Елемес, Тараз қалалық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




