Мәслихаттың бір күні
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратында облыстық мәслихаттың хатшысы М.Сарыбековтің қатысуымен «Мәслихаттың бір күні» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті атқарып отырған жұмыстары туралы бейнеролик түсірілді. Әр маман қысқаша мағлұмат бере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар өзім ұжыммен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 25-27 мамыры аралығында жүйеде жұмыс жүргізу сапасын арттыру мақсатында тәжірибелік оқу ұйымдастырылғаны туралы, оқу барысында көкейде жүрген сұрақтарға білікті мамандардан тұшымды жауаптар алынып, қорытындысында қатысушыларға практикалық курстан өткенін растайтын оқу сертификаттары салтанатты түрде табысталғаны туралы ойыммен бөлістім.
Әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, атқарып отырған жұмыстарына шығармашылық табыс тіледім.
Жарылқасын Өнетаев, облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Елде елеулі оқиғалар легі жалғасуда
- 1 мамыр, 2025
Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді