Денсаулық
Қайтыс болған адамның несиесін мұрагерлері төлеу керек пе?
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2022
- 685
Қайтыс болған адамның несиесін мұрагерлері төлеу керек пе?
Заң жобасында міндеттемелерді мұраға алу тәртібі көзделмегенін ескере отырып, жеке тұлға банкрот деп жарияланған жағдайда, оның мүлкі мен міндетін Азаматтық кодекске сәйкес мұрагері қабылдайды.
Азаматтық кодекске сәйкес міндеттемелерге несие бойынша борыштар да жатады. Яғни өсиет немесе заң бойынша мұраны қабылдауға өздері келісім берсе, онда барлық міндет мұрагерлерге көшеді. Қазақстандық сақтандыру компанияларының бірі хабарлағандай, несие сақтандырылған жағдайда оны өтемеуге болады.
Дегенмен ескеретін жайттар бар. Сақтандыру компаниясымен жасалған шартта сақтандыру жағдайының болуы, яғни қарыз алушының қайтыс болуына қатысты арнайы тармақ болуы тиіс. Тұлға қайтыс болған жағдайда сақтандыру полисі болу қажет. Егер барлық процесс уақытында жасалса, онда қарыз толық көлемде жабылуы мүмкін. Ресми ақпаратта берілгендей қарызды жабу бірнеше факторға байланысты. Атап айтқанда, тұлғаның қайтыс болу себебі, құжаттардың толық тізімінің болуы және тағы басқа.
Министрліктің дерегінше, екінші деңгейдегі банктер қарыз алушыны сақтандыру шартын жасасуға міндеттей алады. Дегенмен банк қарыз алушы мен кепіл берушіні сақтандырушыны таңдауда шектей алмайды. Сондай-ақ, банктік қарыз шарты арқылы қарыз алушыға өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




