Елдос Сметов, дзюдодан Азия ойындарының тұңғыш чемпионы.
Алатау мен Қаратаудың баурайында жатқан Жамбыл облысымен ылғи да мақтанамын. Туған елімнің саф ауасы, тұнық табиғаты әр спортшыға дем беретін күш секілді. Мен сол сайын даланың мөлдір ауасынан, жұпар иісінен қуат алғанмын.
Біздің өңір ғасырлардың эпопеясы. Жазылған, жазылмаған дастан десек те боларлықтай. Әлі де талай мәрте қаламгерлер толғанатын, толғататын роман. Сол өңірде, сол аймақта туғаным мен үшін үлкен бақыт. «Ер туған жеріне» деп жатады. Қай жақта жүрсек те, қай додаға барсақ та біздің ойымыздан, санамыздан туған жер ешқашан шыққан емес. Шықпайды да. Облысымыздан талай талантты спортшылар қанат қақты. Мен де соның бірімін. Әрдайым өңіріміздің атын биіктен көтеру біздің басты мақсатымыз. Аймақ жұртшылығын мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендері сау болсын. Қарт тарихқа толы өлкенің әрбір азаматының денсаулығы зор болсын. Барлық бауырларыма тек бақыт тілеймін.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




