«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қайта түлеген ҚАРАТАУ

Қайта түлеген ҚАРАТАУ
ашық дереккөз
Қайта түлеген ҚАРАТАУ

Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасы­мен моноқалаларды дамыту бағдарламасы жасалып, нақты істер жүзеге асырылуда. Бір кездері тоқырауға ұшыраған Қаратау да еліміздегі шағын қалалар қатарында сол бағдарлама арқасында қайта жаңғырып, жасара түсуде. Оған қаладағы қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар айғақ. Қала әкімі Қойшыбай Махашевпен қаладағы инфрақұрылымды қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстардың барысы туралы әңгімелестік. 

– Бұл бағытта соңғы екі жыл ішінде атқарылған жұмыстар қыруар. Мәселен, моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы Қаратау қаласының «Игілік» КМК орталық қазандығын, сумен және электрмен жабдықтау резервтік желілерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 103,81 миллион теңге бөлініп, оның 93,3 миллион теңгесі жұмсалды. Қаланың ішкі аулалық жылу жүйелерін ауыстыру және қалпына келтіруге 301,5 миллион теңге бөлініп, оның 256,4 миллион теңгесі, ал, «Жастар» саябағын ағымдағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарына бөлінген 110977 мың теңгенің есепті кезеңде 83443 мың теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қаладағы 7 көпір мен 3 көше жолдарын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 12,9 миллион теңге бөлініп, 6,4 миллион теңгесі игерілді. Қазір қосымша 5 көше жолдарын қайта жаңғыртуға 10 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаладағы алты көпқабатты үйлерді қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 24 миллион теңге бөлініп, 14,1 миллион теңгесі игерілген. Мұның да ЖСҚ-сы дайындалып жатыр. Оған қоса қаланың 11 көшесін жарықтандыру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 3,6 миллион теңге бөлініп, конкурс өткізілді. Қаратау қаласындағы 7 көшені газдандыру үшін бөлінген 6,16 миллион теңгенің 3,4 миллион теңгесі игерілді. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті сараптамалардан өткізілуде. Қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 229,4 миллион теңге бөлінген, 136,9 миллион теңгесі игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал «Үміт» мектеп-интернатының монша-кір жуу комбинаты және азық-түлік қоймасының құрылысына облыстық бюджеттен 77,3 миллион теңге бөлінген болатын. Мердігерлер жұмыстың 70 пайызын атқарып та қойды. Аудандық балалар емханасының қазандығын қайта жаңғыртуға 18,5 миллион теңге бөлініп, жұмыстар аяқталған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды субсидиялауға 40 миллион теңге қаржы қаралып, 3 жоба бойынша қаржы толығымен игерілді. Жаңа өндірістерді дамытуға грант есебінде 6,5 миллион теңге қаралып, 3 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге бөлінген 55 миллион теңге қаржы облыс әкімдігінің қаулысымен уәкілетті өңірлік ұйым болып айқындалған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на аударылып, 20 адамның құжаттары қаралуда. Қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 491 тұрақты жұмыс орнын ашатын, жылына 15 мың тонна натрий цианидін шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) зауытының құрылысы «зәкірлік» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның жалпы құны – 12,9 миллиард теңгеге бағаланған. Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде зауыт іске қосылды. Сонымен қатар, қалақұрушы кәсіпорындармен бірлесіп қосымша көмекші және қызмет көрсету өндірістерін ашу мәселесі қарастырылуда. Қаратау қаласының шығыс бөлігінен 20 гектар жер телімі бөлініп, индустриалды аймақ шоғырландыру жоспарланған. Болжам бойынша индустриалды аймақта арнайы киім тігетін, әк өңдеп шығаратын орындар, әртүрлы кірпіш өңдейтін шағын цехтар шоғырландырылады. Жобалардың жалпы құны – 420 миллион теңге. – Қаланың даму жоспары туралы бірер сөз... – Қаратау қаласын 2015-2017 жылдары дамытудың кешенді жоспарына сәйкес келер жылы 5008,856 миллион теңге бөліп, ол қаржыға бірқатар жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде жаңа әлеуметтік нысандар салу, қаланы абаттандыру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырумен қатар инженерлік инфрақұрылымды жүйеге келтіру сынды жүзеге асырылуы кезек күттірмейтін кешенді жұмыстар бар. Олардың барлығына қаржы қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет Қаратау қаласының инфрақұрылымына қыруар қаржы бөліп отыр. Біздің мақсатымыз – сол қаржыны тиімді пайдаланып, қаланың сәулеттене түсуіне ықпал ету, жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұдан артық жақсылық бола қоймас. Іс басындағы азаматтар Үкіметтің қамқорлығына нақты іспен жауап береді деп сенеміз.

Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».

 Қаратау қаласы.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар