Бағдат Сәмединова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.
Біздің туған жерімізде өнерлілер, таланттылар өте көп. Қай заман болсын, қай ғасыр болсын, оларға қолдау, демеу болуы керек. Мен туған жерімді өзгелерден қатты қызғанамын. Мақсатты түрде. Неге дейсіз ғой? Егер кейбір жылдары Қызылорда облысы өнер жағынан бізден озып кетіп жатса, мен неге қызғанбауым керек? Жамбыл жері табиғаты тұнық, таланттары көп өңір. Біздің өлке барлық қырынан алда болуы тиіс. Әсіресе, өнерден. Құдайға шүкір, қазір оңды өзгеріс бар. Өркендеу байқалады. Басқа салада да, өнерде де. Менің тілегім, таланттарым тасада қалмасыншы. Өз басым өте бақытты адаммын. Неге екенін білесіз бе? Мен басқа өңірде емес, еліміздің тарихының ең бай жәдігерлері топтасқан, қазақи болмысын жоғалтпаған, қойдан жуас халқы бар өңірде дүниеге келдім. Сол үшін де бақыттымын. Туған жерімнің барша азаматтарын мерейтоймен құттықтаймын. Әрқайсысысы бақытты болса екен деймін.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




