Қабылдауға келгендердің
бесеуінің мәселесі шешілді
Апта аралығында «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Осыған орай аталған іс-шараға өтінішпен қайырылған он беске тарта облыс тұрғынына облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Аида Өтеулина, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаева және Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Сәуле Қойбақова кеңес беріп, олардың арасындағы бос тұрған жұмыс орындарына мамандықтары сәйкес келетін бірқатарына қолма-қол жолдама тапсырды.
— Партиямыздың төрағасы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысы партия бақылауына алынған. Бүгінгі шараны біз облыс орталығының және оған іргелес елді мекендердің бір топ жұмыссыз тұрғынын бағдарламаны жүзеге асырушылармен бетпе-бет жүздестіріп, толыққанды ақпарат алуына және қолма-қол практикалық көмек көрсетілуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырдық. Нәтижесінде, қоғамдық қабылдауға келгендердің бесеуінің жұмысқа орналасу мәселесі бірден шешімін тапты. Қалғандарына да жұмысқа орналасуларына жолдама және тиісті кеңес берілді, — деді партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Төлемісова. Бір атап өтетін жай, қоғамдық қабылдауға келушілердің өтініштеріне ұдайы мониторинг жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту мәселесінің шешімін табу партияның облыстық филиалының тұрақты қадағалауына алынатын болады.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді