Туризм саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет
Облыс әкімдігінің туризм басқармасы туроператорлық қызметпен (туроператорлық қызмет) айналысу құқығына лицензияның 1 түрін береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық нұсқада жүреді. Мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz сілтемесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап: - 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі; - Лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Туроператорлық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 1. Лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші қабылданады; 2. Қалыптасқан туристік өнімнің болуы тиіс; 3. Кемінде бір жыл жұмыс өтілі және туристік білімі бар қызметкердің болуы тиіс; 4. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кеңсеге арналған үй-жай болуы тиіс; 5. Лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін тапсыру керек.Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді