Әрбір жоба жан-жақты зерделенуі керек
Инвестициялық штабтың кезекті отырысы барысында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов 8 компания өкілдерімен кездесу өткізді. Облыс әкімі «Тараз қант зауыты» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұржан Қайырбековпен қант саласын дамыту перспективаларын талқылады.
«Халықтық бизнес» қоғамдық қорының өкілі әлеуметтік бизнесті дамыту бойынша жобаны таныстырды.
«БМ» ЖШС биоэтанол, құстар мен жануарларға арналған жем, фармакологиялық препараттар өндірумен айналысады. Компания басшылығы өңір басшысына кәсіпорын мәселелері туралы баяндады.
Сондай-ақ бірқатар шаруа қожалықтары өз жобаларымен таныстырды.
Нұржан Нұржігітов басқарма басшыларына әрбір жобаны егжей-тегжейлі зерделеп, инвесторларға қолданыстағы заңнама аясында көмек көрсетуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




