Құқық
Адам ұрлаған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2022
- 607
Адам ұрлаған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі маманданды-рылған ауданаралық сотымен Л.Исмаилов және басқалардың ұйымдасқан қылмыстық топ болып, адамның өміріне, денсаулығына қауіпті күш қолданып, пайдакүнемдік ниетпен адамды ұрлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің қаралуы аяқталды. Сот үкімімен қылмыстық топтың барлық 6 қатысушысы 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Облыста соңғы 10 жылда мұндай қылмыс орын алмаған. Дегенмен 2012 жылы аталған Л.Исмаилов өзінің таныстарының ұлын ұрлап, осы тектес қылмыс жасағаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Бұл жолы Л.Исмаиловпен қылмыстық топ облыстың белгілі кәсіпкерінің қызын ұрлау үшін құрылып, рөлдер мен иерархиялық бағыныстылықты нақты бөле отырып, 100 миллион теңге көлемінде төлем талап етпекші болған.
Полиция органдары бұл қылмысты жедел түрде ашып, барлық қылмыскерлер әшкереленіп, ұсталған. Облыс прокуратурасы қылмыстық істің тергеу барысын қатаң бақылауға алып, мемлекеттік айыптауды сапалы қолдап, сол арқылы жазаның бұлтартпастығы туралы қағиданың орындалуын қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталғандар апелляциялық тәртіппен шағымдануда.
Облыстық прокуратура.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




