Өңірге атбасын бұрған Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттық тобы аудандарды аралап жүр. Алдымен жұмысын Жуалы ауданынан бастаған қонақтар Тараз қаласында да болып, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың бюсті мен «Даңқ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тараз мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесіп, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Жиындардың барлығында Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының маңызы, онда құқық қорғау органы қызметкерлеріне жүктелген міндеттер мен сол бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндалды. Ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Ішкі істер министрлігінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығы, полковник Болат Қаженов: «Осылай өңірлерді аралап, тұрғындармен, ішкі істер бөлімдері қызметкерлерімен, сала ардагерлерімен жүздесу, Жолдауды насихаттау, имиджімізді көтеру, патриоттық сезімді қалыптастыру – мақсатымыз болып қала бермек. Ары қарай Т.Рысқұлов, Меркі, Шу аудандарын аралаймыз», – деді. Ал «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты жиында қала әкімі Нұржан Календеров, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, сала ардагерлері, қызметтік парызын орындау сәтінде қайтыс болған қызметкерлердің жарлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен, Грамотасымен марапатталды. Жиын соңы Алматы облыстық ішкі істер департаменті жанындағы оркестрдің концерттік бағдарламасына ұласты.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан – Гвинея-Бисау: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
- 23 желтоқсан, 2024
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді