
Көк Туымыз, асқақ Әнұранымыз, айбынды Елтаңбамыз бар
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өтті. «Менің Қазақстаным!» атты форумның ашылуында ең алдымен Гимн шырқалып, кейін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі.
– Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз. Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Осынау нышандарымыз төрімізден түспей, туымыздың тұғыры биік болсын! Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков Жамбыл өңірінің тумасы және ел мақтанышы. Өткен жылы тарихи тұлғаның есімі өзінің кіндік қаны тамған Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылына беріліп, ауыл маңында Мемлекеттік Ту-Тұғыры көтерілді. Бұл Мемлекеттік рәміз бен тұлғаға көрсетілген құрмет!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын тілеймін! Аспан түсті Туымыз, асқақ Әнұранымыз, айбынды Елтаңбамыз бар еліміз мәңгі жасай берсін, – деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ облыс әкімі өңір мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Ал Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы көпшілікке концерттік бағдарламасын ұсынды.
Сондай-ақ бұл күні Мемлекеттік рәміздер мерекесіне арналған арнайы авто-шеру ұйымдастырылды.
Маржан Рақай
Ұқсас жаңалықтар
Айтулы оқиғаларға толы ақпан айы
- 1 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді