Азаматтарды жеке қабылдады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылғандар түрлі мәселелер көтерді. Олардың қатарында тұрғын үй, жер, абаттандыруға қатысты мәселелер болды. Сондай-ақ ауқымды өнер шараларын өткізу, Тараз қаласында драма театрының жаңа ғимаратын салу, Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімін мектепке беру секілді ұсыныстар да айтылды.
Азаматтарды мұқият тыңдаған облыс әкімі барлық мәселелер назарға алынып, заң аясында реттелетінін, қарастырылатынын жеткізді. Бірқатар өтініштер бойынша жан-жақты қарастыру жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы, Жамбыл ауданы және тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




