Заңбұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу керек
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыс прокуратурасы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен басталған «Сенім маршруты» іс-шарасы аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен құрылған арнайы жұмыс тобы Т.Рысқұлов ауданына іссапармен барып, Құлан, Қарақыстақ, Луговое кенті, Көгершін, Ақыртөбе, Көкдөнен және Қорағаты ауылдық окрутерінің тұрғындарымен кездесіп, түйіні шешілмей жүрген заңбұзушылықтар, азаматтардың қайталама арыз-шағымдары, қылмыстың алдын алу, жүйелі құқықбұзушылықтар бойынша жеке қабылдаулар жүргізді. Осы іс-шаралар бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен және облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаевтың қатысуымен Т.Рысқұлов ауданына қайта шығу арқылы қаралды.
Облыс прокуроры жиында аудандық құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына халықпен кездесу кезінде анықталған проблемалық мәселелерді атап өтіп, оларды тез арада қалпына келтіру жөнінде, заңбұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу керектігі туралы және алдағы уақыттағы міндеттер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Маржан РАҚАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді