Қырғызстан Премьер-министрін қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жоомарт Оторбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде екі елдің сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының мәселелері қаралды. Тараптар Қырғыз Республикасына Қазақстаннан электр энергиясын жеткізудің жайын, сондай-ақ, Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің бесінші отырысының жұмысы нәтижелерін талқылады.
Мұнай-газ саласы мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-тың президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы, сондай-ақ, түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.
Кәсіпкерлікке бөлінген қаржы тиімді игерілуі тиіс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына «Бәйтерек» холдингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады. Қазақстан Президенті «Бәйтерек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформациялар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигізу мақсатында тиімді игерілуге тиістігіне тоқталды. Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын қабылдағанын, оның негізгі бағыттары «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып табылатынын айтты. «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы даму институттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы мен тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді