Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы Ғайникен Айдарханқызын кемелдік пен кемеңгерліктің өлшемі іспетті, кәдесі биік, шежіресі мол 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Ғайникен апа бұл заңғар биікке үлкен абыроймен келіп отыр. Ол өмірде қабілеті қарымды, іскер ұйымдастырушы, білгір басшы ретінде танылды. Оның өмір жолы жастарға әрқашан да үлгі деп білеміз. Бойындағы кісілік пен кішілік, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттер халықтың арасында зор бедел мен алғысқа бөледі. Еңбегін ел біліп, есімін құрмет тұтты. Облыстың өсіп-өркендеуіне, экономикалық табысты өңірге айналуына зор үлес қосты. Аймақтың қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысты. Ғайникен апа бүгінде ел анасы ғана емес, құт-береке дарыған өнегелі әулеттің биік бәйтерегі. Анамыздан тағылымы мол тәрбие алған перзент-тері, сүйкімді немере, шөберелері – баға жетпес байлығы.
Гүлдара Нұрымова, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




