Күләш Ахметова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын.
(Ғ.А. Бибатыроваға)
Бір жағыңда – отбасың, бір жағыңда – жұмысың. Ортасында олардың басқа қанша тұр ісің! Дүниенің бақылап отыратын тынысын Жиырмасыншы ғасырдың қыздарының бірісің.
Атағы асып кеткеннің артықтығын күндемей, Жиналыста – шешенсің, үлкен айтса, үндемей, Тыңдайсың да түйесің. Демалыс жоқ арнайы, Күндіз ісің бітпесе, оятады түнде ой.
Аймағыңның білесің әрбір үйін, көшесін. Бір сағатта естисің неше мақтау, неше сын. Жеке өзіңнің жағдайың шығып бір сәт есіңнен, Көпшілікке қатысты мәселелер шешесің.
Қызуымен жылынып жаныңдағы мол әннің, Сапарларға шығасың өтінде де боранның. Қызметте – әділ де, тойда – әншісің тамаша, Ұйытқысы – үйінің, қайраткері қоғамның!
Дем ал бір сәт, ой, жұмыс тез қартайтып кетер, ұқ. Дем алып ап, тың күшпен жалындай бер от өріп. ...Нәзік қолдар тұрсын бір әлемдегі салмақтың Жер шарына түсетін бір бөлігін көтеріп!
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




