Асыл үн
Естілгенде ақ қағаздан асыл үн,
Көзін тіккен самайы аппақ ғасырым.
Бақытының кемесіне мінді де,
Уақытына аяңдады басылым.
Бұл «Ақ жолда» өткен шақтың ары бар,
Бұл «Ақ жолда» кеткен күннің зары бар.
Бүгініне оқырманы сүйсініп,
Кешегісін көнекөздер сағынар.
Басқан талай көкіректің қырсығын,
Ашқан талай өңіріңнің тылсымын.
Әр ақпарат жедел жетсе аймаққа,
Еңбегі ол да «Ақ жолдық» әр тілшінің!
Жарамайды журналистке масылдық,
Дамылдамай, мерейіңді асыр нық.
Он сегіз мың нөмір берген газетке,
Өмір берсін тағы сансыз ғасырлық!
Есет Досалы.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




