Саз мектебінің балалары бес аспапта шебер ойнайды
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл Балалар жылы деп жариялануы бекер емес. Бұл ретте өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып, сан-салада жемісті еңбек етуіне мемлекет тарапынан қажетінше қолдау көрсетілуде. Балалар жылы аясында Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің ұжымы мен шәкірттері Отбасы күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырып, бар өнерін ортаға салды. Концерттің ашылу салтанатында саз мектебінің түлектері мен мұғалімдерінен құралған ансамбль С.Бәйтерековтың «Кішкентай» күйін шебер орындады. Артынша, дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Гүлназ Әлімқұлова оқушысы Элизат Ануарбекпен дәстүрлі әндер қорынан попурри тарту етті. Бұдан соң «Алғашқы көктем» шығармасын пианистер ансамблі тамаша орындады. Осылайша, бес аспаптың құлағында ойнаған балғындар сахнада бірінен бірі асып түсті десек те болады. Концерттің соңында Алдияр Әбдіжалил «Мақтанышым Отаным» әнін шырқап, көрерменнің ықыласына бөленді.
Негізі, Байзақ ауданында 1973 жылы ашылған Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің бүгінгі белесі таңдай қақтырарлық. Осы уақыт аралағында мектептен түлеп ұшқан саз өнерінің шеберлері бүгінде көпті талантымен тәнті етіп жүргені рас. Білікті мамандардың тәрбиесін көрген балалар облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүр.
«Aq jol»-Aqparat». Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




