«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таксистер қанағатты ұмытты

Таксистер қанағатты ұмытты
ашық дереккөз
Таксистер қанағатты ұмытты

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Қордай асуын айналып өтетін 80 шақырымдық бөлігі ашылғалы Таразға қатынайтын такси қожайындары жолақысын 3500 теңгеге бір-ақ көтеріп тастады. Бұған дейін 2000-2500 теңге арасында болатын. Кімге ерегісіп, кімнен есесін қайтару үшін қанағатты ұмытты екен?.. Ызаңды келтіретіні, осы жолдың ашылуынан жеке такси иелеріне қаржы жағынан да, жол шығыны жағынан да зиян болған жоқ. Керісінше, Алматыдан батысқа бағыт алған көліктер аудан орталығына кірмейтіндіктен оларға мінетін жолаушы көбейді. Олар осыған қуанудың орнына жұрттың қалтасын «қағып» алып жатқан жайлары бар. Қанағат қайда, ағайындар-ау?! Бұрын «Жол нашар, Шуды айналып барамыз» деп шырылдаған соң халық қымбат бағаға ләж жоқ көнген. Ал ендігісіне не жорық? Солар салық төлей ме екен өзі? Соны тексеретін, тәртіпке шақыратын мекеме басшылары қайда қарап отыр? Бір білетініміз, «таксистердің» көбісі тараздықтар. Ал, Қордайдың жеке жолаушы тасымалдаушылары негізінен Алматы бағытына жүреді. Иә, Қордайдың бұрынғы автобекетінен бір жылдан бері шағын автобус Таразға да шығып жүр. Бағасы – 1500 теңге. Таңғы сағат 6.00-де және 10.00-де Қордайдан шығып, түскі 15.00 мен 17.00-де қайтадан Қордайға қайтады. Осы шағын автобустарға мінгендер ақшадан да, уақыттан да ұтылмайды. Автобустар да жайлы. Жолаушы тасымалы жұмысына жегілген көліктер әзірге үшеу. Жолаушы легі көбейсе тағы да бір автобус қосылар. Өйткені, кейде жолаушылар шағын көлікке симай қалып жатады. Сосын амалсыз жолақысы қымбат көліктерге жалынады.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар