Жамбылдық шаруа несие алып, соқа жасап шығаруда
«Тараз» ӘКК» АҚ-дан несие алған Байзақ ауданы Үлгілі ауылының тұрғыны Әмірбек Төлепов соқаның 30 түрін жасап сатып, табыс табуда. Жамбылдық шаруа несиені «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында алып отыр. Жалпы бұл жобаға қатысушыларға өз ауласындағы жерді пайдаланып, жылыжай салып, тігін цехын ашып, табыс табуға мүмкіндік берілген. Пайызы төмен жеңілдетілген несие түрінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Үлгілі ауылының соқа жасап, үлгі көрсетіп отырған тұрғыны Әмірбек Төлепов аталған жоба арқылы 2,5 пайызбен 2 миллион 700 мың теңге несие алған. Осылайша кәсібін ұлғайтып отыр. Темірден түйме түйген ұста Әмірбек Өтепұлының комбайн, тракторларды жөндеп қана қоймай, жаңа техника да жасай біледі.
Көкшетау, Қызылорда, Қарағанды облыстарына сатылуда. Зауыттағыдан 60-70 пайыз арзан техникаларды тіпті несиеге сұрайтындардың да қатары көбейіпті.
Сұранысты уақтылы орындау үшін 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық-жалақысы 250 000 мен 300 000 теңге көлемінде.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




