Жамбылдық полицейлер ірі ұрлық дерегін ашты
Жамбыл ауданының полиция бөліміне бір ЖШС директоры жүгінді. Ол ағымдағы жылдың 13 сәуірінде белгісіз тұлғалардың зауыт аумағынан жалпы құны 2 миллион 700 мың теңгеге жуық 100 шаршы метр конвейер таспасын ұрлағаны туралы шағымданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы кәсіпорында жұмыс істейтін 2 күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 26 және 30 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тергеу барысында полицейлер күдіктілердің ұрланған таспаны 900 000 теңгеге сатқанын, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын анықтады.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
«Aq jol» – Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




