Жалған техникалық тексеруге жол жоқ
Қазіргі таңда автомобиль көлігі саласындағы өзекті мәселелердің бірі жалған техникалық тексерулерді жүргізу болып табылады. Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне талдау жүргізу шеңберінде автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу рәсімдерінің бұзушылықтары анықталды.
Техникалық байқау операторлары автомобильдердің фотосуреттерін өзгертіп, бірнеше рет диагностикалық карталарды қолдан жасаған.
Тергеу барысында азамат Д. 7 техникалық байқау операторының меншік иелерімен туыстық және басқа да байланыстарда бола тұра, «Техбайқау» базасына қол жеткізу үшін электрондық-цифрлық кілттерге ие болып, ресми құжаттарды қолдан жасағандығы анықталды. Соның салдарынан ел жолдарында жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық ақаулы автомобильдер жүруде.
Сотқа дейінгі тергеу аясында жеткілікті дәлелдер жинақталды, күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қылмыстық іс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның қолданылуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Қауіпсіздік саласындағы қадағалау көлік прокуратурасы органдарының ерекше бақылауында.
Көлік саласындағы кез келген бұзушылықтар туралы Жамбыл көлік прокуратурасының мобильді тобына хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7262) 542-100, 8-701-533-06-09).
Жамбыл көлік прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




