«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақбұлымдық Мафиз ақсақал алмасымен танылып, мәуелі бәйтерекке айналып отыр

Ақбұлымдық Мафиз ақсақал алмасымен танылып, мәуелі бәйтерекке айналып отыр
ашық дереккөз
Ақбұлымдық Мафиз ақсақал алмасымен танылып, мәуелі бәйтерекке айналып отыр
Ақбұлым ауылы дегенде алдымен тәттілігі тіл үйірген алмасы еске түседі. Сол алма өсірушілердің жасы үлкені – түрік ұлтының өкілі Мафиз Латифоғлы ақсақал. 82 жастағы қария 12 гектар алқапқа сапалы алма өсірумен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Өсіп-өнген, үлгілі әулеттің басшысы ретінде де бұл кісінің абыройы биік тұр. Жақында Мафиз ақсақалдың шаңырағында болып, отбасы мүшелерімен жан-жақты дидарласудың сәті түскен еді. Ақсақал 21 жылдан бері өзі аттас «Мафиз» шаруа қожалығының төрағасы және үлгілі отбасының басшысы. Ұлты түрік болса да қария қазақшаға өте жетік. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Екі ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірсе, бұл күнде ұлы –ұяда, қызды –қияда. Олардан 20 немере, бірнеше шөбере сүйіп отыр. Бір әттеген-айы, осыдан төрт жыл бұрын, 72 жасында өмірлік жары Наврияның бақилық болып кеткені. Наврия әжей «Алтын алқа» иегері екен. Мафиз қария балаларын жастайынан еңбекке баулыды. Бұл күнде Мизамы мен Ризманы өзімен бірге шаруа қожалықтың жұмысын өрге сүйреп жүр. Қожалықта «Газик» автокөлігі де, трактор да бар. Ешкімге алақан жаймай, қажетті техника өздерінен шығып тұр. 12 гектар алқапқа егілген алманың әр гектарынан 20 тоннадан өнім алады. Күз мезгілінде бұл әулеттің табысы шалқиды. Өмірінің 40 жылын көлік жүргізушісі болып өткізген Мафиз ата диқаншылықты да жақсы меңгеріп алды. Қашанда бұл шаңырақ берекеге толы. Жан-жақтан қыздары, немерелері келіп мәре-сәре болады. Қыздары Сәлима, Фарида, Халиса, Калима көзінің нұрына, көңілінің шуағына балайды. Ал Халимасы түрік жігітіне тұрмысқа шыққан. Жыл сайын келіп тұрады ол да. Мафиз қария шоферлік курстан өткен соң, одан әрі білімін жетілдіріпті. Еңбекке араласып кетіпті. Ұлдарын да еңбекке баулыды. Есесіне немерелерінің жан-жақты білім алуларына қолдау жасады. Бұл күнде бірнеше немересі жоғары және арнаулы оқу орындарын аяқтап, еңбекке араласқан. Ал Бинали мен Минара немерелері де өз ісінің майталмандары. қызылша болмаса, алманың арықпен су ішкені меніңше дұрыс. Алма өсірудегі тәжірибемді өзге шаруашылықтармен де бөлісіп жүрмін, – дейді қария. Ұл-қыздарының мәуелі ормандай жайқалғанына шүкіршілік етеді. Немере, шөберелерін де шуағымен жылытып жүр. Латифоғлы отбасында береке, жылылық, мейірім бар. Оның бәрінің ұйытқысы –Мафиз ақсақал.

Есет ДОСАЛЫ,

Жамбыл ауданы

Ұқсас жаңалықтар