Махаббат маусымы
Бұл маусым – махаббат маусымы!
Даусымды естісін тау шыңы
Үзбесін үнімді жел – уақыт,
Найзағай, жаңбырдың тарсылы.
Бұл маусым – махаббат маусымы! Жайнасын дүниенің бар гүлі,
Аспанның үдесін жарқылы.
Жүрегімді сеземін соғатын,
Тек сізді сүюім арқылы.
Бұл ғасыр – сезімнің ғасыры
Дәуірдің жомарт та хас ұлы!
Сіз мені бақытты етуге
Дүниеге келгенсіз асылы.
Жер-жаһан құлпырған лебімнен,
Нұр жауған, гүл жауған көгімнен.
Бақыттың балқимын бағында,
Бұл өмір біздерге берілген!!!
Жұлдыз Бейсекова.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




