«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Түлектер 71,6 миллион теңгеге демеушілік көрсетті

Түлектер 71,6 миллион теңгеге демеушілік көрсетті
ашық дереккөз
Түлектер 71,6 миллион теңгеге демеушілік көрсетті
Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы Сарысу ауданында дәстүрге сай биыл да жалғасын тапты. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде өткен түлектер кездесуіне аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, басқосудың тағылымдық маңызына кеңірек тоқталды.
 width=
– Облыс басшысы Бердібек Машбекұлының бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынғалы жыл толды. Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Сондай-ақ, танымал сарысулықтардың туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін арнайы jambyl-tylek.kz сайты жұмыс істеп тұр. Былтырғы жылдың өзінде, аталған бағдарлама аясында біздің түлектер туған мектебіне, ауылына жалпы сомасы 71,6 миллион теңге демеушілік көрсетті. Оның ішінде 62,1 млн. теңгеге ауданда 10 жоба іске асырылды. Бұл «Жомарт түлек – жомарт жүректің иесі» екендігін байқатады, - деді аудан әкімі жүрекжарды жылы лебізінде.
 
Бүгінгі өткен форумда мектеп қабырғасын тәмәмдағандарына алды жарты ғасыр, соңы 10 жыл болған 100-ге жуық түлек басқосты. Барлығы лек-легімен сахна төріне шығып, көзкөрген ұлағатты ұстаздарына алғыстарын жеткізіп, жиынға қатысқан мектеп оқушыларына өмірлік ақыл-кеңестерін айтты.
 width=
Еркін форматта өткен форумда, ел тұтқасын ұстаған азаматтар балалық шағын еске алысып, көңілдері босап, көздеріне жас алған сезімге толы сәттер көп болды. Осылайша әр жылдың түлектері мектептің материалдық-техникалық базасын толықтыруға және өтпелі жөндеу жұмыстарын жүргізуге деп, қомақты қаржылай көмектерін көрсетіп, үлкен демеушілік танытты.
 width=
Форумда мектептің жоғарғы сынып оқушылары аталған білім ордасының түлегі, республикаға танымал журналист, ақын, облыстық «Aq Jol» газетінің жауапты хатшысы Тұрсынбек Сұлтанбектің сөзіне жазылған «Мектебім» әнін хормен шырқап, аса ықыласпен дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті.
 
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар