Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы мұның мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты. – Әрбір отбасына жақсылық пен бақыт нәсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шамамен 2,5 мың мешіт бар екенін, оларға қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды. – Сенімнің – таза, ал адамдардың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай әншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет еткен шынайы тілекпен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, – деді Мемлекет басшысы.Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы бір рет құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 3 наурыз, 2026
Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
- 2 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




