Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын!
Барша мұсылманның қасиетті, ұлық мерекесі – Құрбан айт үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінде мерекеге ұласты. Көптеген жандардың қайырымдылық істері көмекке зәру адамдардың мерейін шалқытты. Алланың нұры жауған ұлық мерекеге орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ізгі тілегін жолдады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Қымбатты отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады. Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды. Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




